“Хайп үшін”. Астанада блогер ұсталды

“Хайп үшін”. Астанада блогер ұсталды
16.05.2025 20:40
0
106
Фото: Polisia.kz

Астанада "хайп" үшін пранк жасап, жұртты шошытқан блогерлер қамауға алынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында блогердің екі серіктесімен бірге “хайп” үшін көпқабатты тұрғын үйдің лифтіне жалған мәйітті қойған сәті түсірілген бейнероликті анықтаған.

Сол сияқты екінші видеода бір адам лифтіге жүгіріп кіреді, екіншісі жараланған кейіп танытады, ал үшіншісі қолына балта ұстаған. Олардың әрекеттері лифтіге кірген азаматтарды қатты шошытып, күйзеліске түсуіне себеп болған.

- Мұндай “әзілдер” – моральға жат әрі қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер. Олар қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін. Барлық қатысушы анықталып, ұсталды және жауапкершілікке тартылды, - делінген ресми ақпаратта.

Сот шешімімен бастамашы 30 тәулікке қамалса, қалған екеуіне 15 тәуліктік әкімшілік қамау тағайындалды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий