Хромтау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен сотталуда

11.12.2025 13:28 Арман Ермеков
Хромтау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен сотталуда
0
328
Фото әкімнің instagram парақшасынан

Ақтөбе облысында жемқорлық дауына іліккен Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаевқа қатысты тергеу амалдары толық аяқталып, іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот кабинетіндегі ресми деректерге сүйенсек, Хромтау аудандық сот қылмыстық істі өндіріске қабылдаған. Шенеунікке пара алды деген ауыр айып тағылып отыр. Ең қызығы, іс қарапайым тәртіппен емес, қысқартылған режімде қаралмақ. Бұл процестің ұзаққа созылмайтынын және үкімнің жақын арада шығуы мүмкін екенін аңғартады.

Соттың алғашқы отырысы бүгін, 11 желтоқсан күні басталады. Айыпталушы орындықтағы экс-шенеуніктің құқығын қорғау Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының білікті заңгеріне жүктелген.

Еске сала кетейік, атқамінердің басына қара бұлт биылғы қараша айының басында үйірілген еді. Сол тұста сот сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу мақсатында әкімді екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берген болатын.

Сағындық Шабықбаев Хромтау қаласының әкімі лауазымына 2023 жылдың қыркүйек айында сайланған. Ол бұл қызметке аудан орталығы тұрғындарының тікелей дауыс беруі нәтижесінде келген еді.

1985 жылы Қостанай облысында дүниеге келген экс-әкім Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «инженер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Халыққа қызмет көрсету орталығында бастап, кейін Әйтеке би және Хромтау аудандарының әкімдігінде жауапты қызметтер атқарған. Қала басшысы болып сайланғанға дейін, 2018 жылдан бастап Хромтау ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болған.

Сонымен қатар оқыңыз, Ақтөбелік депутаттар әйелдерін пайдаланып, мемлекеттің 672 миллион теңгесін жымқырған. Ақтөбеде пара алған шенеунік айыппұлмен құтылды. Ақтөбеде департамент басшысы мен мектеп директорлары пара алғаны үшін сотталды. Ақтөбеде аудандық бөлім басшысы 7 жылға сотталды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий