Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды

08.12.2025 14:34 Айсұлу Мұрат
Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды
0
46
әлеуметтік желі

«Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сондай-ақ Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова да орден иегері атанды. Ал Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды», - деп жазды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желідегі парақшасында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий