Иран басшысы міндетін атқарушы Астанадағы саммитке марқұм Ибрагим Раисидің фотосын алып келді
343
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтіп жатыр. Иран басшысының міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер саммитке Иранның жақында қайтыс болған президенті Ибрагим Раисидің фотосын ала келген,-деп хабарлайды politico.kz
Иран басшысының міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер өзі отырған үстел үстіне осы елдің туының жанында Ибрагим Раисидің фотосын қойған. Осылайша ұйымға ресми түрде 10 мемлекет мүше болды: Қазақстан, Қытай, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Иран және Пәкістан. IRNA агенттігі Иранның вице-президенті Мохсен Мансуридің сөзіне сілтеме жасап, тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін Иран президенті Ибрахим Раисидің жанындағы екі адам бірнеше рет байланысқа шыққанын хабарлаған. Алайда Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Хосейн Салами ирандық телеарнаға Раиси ұшқан тікұшақтың жолаушылары ұшақ қатты қонғаннан кейін байланысқа шыққаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтқан. 20 мамырда апатта жағдайда қонған тікұшақтың бөлшектері табылғаны мәлім болды. Кейін Иран президентінің тікұшақ апатынан қаза тапқаны хабарланды. Ибрахим Раисидің қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан осы елдің Жоғары лидері Әли Хаменеи мен бірінші вице-президенті Мохаммад Мохберге және барша иран халқына көңіл айтты.Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
15:26
Санжар Боқаевтың қамау мерзімі үшінші рет ұзарт...
10.07.2026
14:56
«Дәрігерлер емдеуден бас тартты» – Гүлзира Айда...
10.07.2026
14:35
Астанада 19 жастағы қыз Қайрат Нұртастың үстіне...
10.07.2026
14:16
Қазақмыс "Жомарт" кенішінде қауіпсіздікті күшей...
10.07.2026
14:04
«Екі дүниеде де жазасын алсын» – Жанель Мақажан...
10.07.2026
13:21
Әскерде сарбазды соққыға жыққан сержантқа сот ү...