Иранның жаңа көшбасшысы сайланды
1276
АҚШ пен Израиль жүргізген операция салдарынан қаза тапқан Әли Хаменеидің орнына ұлы Моджтаба Хаменеи сайланды. Алайда бұл ақпарат расталған жоқ, деп хабарлайды Politico.kz DW дереккөздеріне сілтеме жасап.
Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі ретінде Моджтаба Хаменеи сайланды. Ислам Республикасындағы дереккөздердің мәліметінше, мұндай шешімді 88 мүшеден тұратын жоғарғы шейіт дінбасыларының кеңесі қабылдаған.
Ресми түрде ирандық билік пен БАҚ бұл ақпаратты әлі растамады. Дереккөздердің мәліметінше, Моджтаба Хаменеидің сайлануы Ислам революциясының сақшылар корпусының қысымымен жүзеге асырылған. Моджтаба 1969 жылы Мешхедте дүниеге келген және ол – Али Хаменеидің екінші ұлы.
Али Хаменеи қайтыс болғаннан кейін Иранды уақытша үш адам басқарады: президент Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы Голяма Хосейн Мохсени-Эджеи және Конституция сақшылары кеңесінің мүшесі аятолла Алиреза Арафи.
Соңғы жаңалықтар
02.06.2026
17:34
Назарбаевтың құдасы негізін қалаған компания «Қ...
02.06.2026
17:26
Әйеліне күш көрсетті деген депутат туралы белсе...
02.06.2026
16:53
Астана – Павлодар тасжолында тағы да бетон жары...
02.06.2026
16:32
Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік туры жарияланды
02.06.2026
16:07
«Штрафстан», «Айыппұлстан» деп атайды»: Тоқаев ...
02.06.2026
16:02
Мейірман Шекеев халық қолдаса, депутаттыққа бар...