"Ішінде бес бала болған": Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Сурет: Ашық Дереккөз

Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Ангара әуе компаниясына тиесілі Ан-24 ұшағы 24 шілде күні таңертең Хабаровск - Благовещенск - Тында бағыты бойынша рейс орындау кезінде радардан жоғалып кетті.

Ұшақ бортында 43 жолаушы, соның ішінде бес бала және алты экипаж мүшесі болған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ұшақтың сынықтары Тындадан 15 шақырым қашықтықтан табылды. Құтқарушылар апат болған жерге бағыт алды. 43 жолаушының бәрі көз жұмды!

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу