Ішкі істер министрлігінің бұрынғы орынбасары жаңа қызметке келді
907
Айдос Рысбаев Көлік полициясы департаментінің басшысы болып тағайындалды
Оны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырды. Ол департаменттің теміржол және әуе көліктерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ведомствоның хабарлауынша, Айдос Рысбаевтың басқару саласында айтарлықтай тәжірибесі бар. Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған және жаңа қызметінде тиімді жұмыс істеуге қажетті қасиеттерге ие.
Айдос Рысбаевтың өмірбаянына тоқталсақ:
- 1974 жылы 11 наурызда Ақмола облысында дүниеге келген.
- 1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қарағанды ІІМ заң институтын бітірген.
- 1998-2003 жылдары Астана қаласы ҚІІБ криминалдық полициясында қызмет етті.
- 2005-2016 жылдары Астана полиция департаментінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.
- 2019-2022 жылдары Астана полиция департаменті бастығының орынбасары.
- 2022-2023 жылдары ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы.
Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің басшылығында кадрлық ауыс-түйіс жасап, Айдос Рысбаевты министрдің орынбасары лауазымынан босатқан болатын.
Ақпарат NUR.KZ сайтынан алынған.
Соңғы жаңалықтар
18.07.2026
12:27
«Басыңды жұлып аламын»: Қостанайда дәрігерге қо...
18.07.2026
11:34
Қызы туған әкесін үйінен қумақ болды: Сот күтпе...
18.07.2026
10:54
КВН-нан тағы бір қаралы хабар: Александр Масляк...
18.07.2026
10:05
Ақтауда жасөспірімдер төбелесінің видеосы тарад...
18.07.2026
09:15
Қазақстан мен Ресей шекарасында жер сілкінді
18.07.2026
01:12
Ашаршылықта баласын жеген ата-ананың ұрпағында ...