Исламбек Салжанов «Феррари» дизайнерін нағыз бәйгені көруге шақырды
348
Астанада өтіп жатқан VI Nobel Fest халықаралық фестивалі аясында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов әлемге әйгілі авто-дизайнер Фрэнк Стивенсонға «Аламан бәйге» картинасын сыйға тартты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Картина авторы – отандық суретші Ерлан Айтуаров. Исламбек Салжановтың сөзінше, сыйлық кездейсоқ таңдалмаған.
«5 мың жыл бұрын ата-бабамыз, яғни көшпенді жылқы жануарын бірінші болып ерттеп мініп, бүкіл адамзат өркениетінде серпіліс жасады. Міне, осы сәттен бастап жылқы ең жылдам әрі негізгі көлік құралына айналды. Бұл – тарихтың бағытын өзгертті. Жылқыны алғаш қолға үйреткен – қазақ даласы. Сіз дизайнын жасаған Ferrari көлігінде ат бейнеленген эмблема бар. Сізге тарту еткен картинада Аламан бәйге бейнеленген. Ол – қазақтың ұлттық ат жарысы. Бірнеше мәрте чемпион болған Формула-1 сияқты темір тұлпар жарысының бастауында осы аламан бәйге тұр деп айтуға болады. Сізді 2024 жылы қыркүйекте Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырамын», - деп түйіндеді сөзін Исламбек Салжанов.
Ал өзіне сыйланған сыйлықты Фрэнк Стивенсон жоғары бағалайтынын, заманауи шығармашылықты шабыттандыруда тарихтың маңызды екенін айтты. Дизайнер Исламбек Салжановқа өнер туындысы мен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырғаны үшін алғысын білдірді. Айта кетсек, Исламбек Салжанов – қазақстандық кәсіпкер, меценат, Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығының президенті. Ал Фрэнк Стивенсон – Ferrari F430, Ford RS Cosworth, BMW X5, жаңа MINI, Maserati MC12, Fiat 500, McLaren автомобильдерінің әлемге әйгілі дизайнері.
Соңғы жаңалықтар
22.09.2026
17:17
Тікелей эфирде мысықты тістеген ер адамға айыпп...
22.09.2026
17:06
«Дәлізде домбырамен ән салдым»: Гүлнұр Оразымбе...
22.09.2026
16:51
Құлыбаевтардың қалтасына 665 млрд теңге түспек
22.09.2026
16:42
«Жігітке еркек болуды үйрету керек»: Ырысбала И...
22.09.2026
16:34
«Пышақпен қорқытып, шашынан сүйреп, басын диван...
22.09.2026
16:04
Мыс бар. Енді одан не жасаймыз?