Кәмелетке толмаған екі қызды зорлағаны үшін сотталған танымал актер түрмеде көз жұмды
Кәмелетке толмаған қыздарды зорлағаны үшін сотталған британ актері Джон Элфорд (шын тегі — Шэннон) түрмеде қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.
54 жастағы актер 13 наурыз күні Норфолк түрмесінде көз жұмғаны хабарланды. Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасап Oxu.Az жазды.
Джон Шэннон екі ай бұрын ғана 8 жарым жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сот оны 14 және 15 жастағы екі жасөспірім қызды зорлағаны үшін кінәлі деп таныған.
Тергеу деректеріне сәйкес, бұл қылмыс 2022 жылы Англияның оңтүстік-шығысындағы Хартфордшир графтығында, актердің досының үйінде өткен кеш кезінде болған.
Әзірге актердің түрмеде нақты неден қайтыс болғаны жарияланған жоқ. Бұл жағдай бойынша тұтқындар істері жөніндегі омбудсмен арнайы тергеу жүргізетінін түрме қызметкерлері мәлімдеді.
Джон Элфорд британдық теледидарда танымал актер болған. Ол BBC арнасының «Грэндж Хилл» сериалында Робби Райттың рөлін, сондай-ақ ITV арнасындағы «Лондон горит» сериалында Билли Рэйдің бейнесін сомдаған.
Соңғы жаңалықтар