Камералар қарапайым халыққа жұмыс істейді – депутат

27.03.2026 15:30 Әсел Мұрат
Камералар қарапайым халыққа жұмыс істейді – депутат
272
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жол апатына кінәлі көлік жүргізушілеріне жазаны қатайту керек деп есептейді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол елдегі камералардың қарапайым халыққа жұмыс істейтінін ашып айтты. Оның пікірінше, байлар үшін айыппұл «проездной» екен.

«Бұл жерде екі мәселе бар. Бір жағынан байқағаным камераға көп сеніп кеттік. Камералар қарапайым халыққа жұмыс істейді. Қарапайым халыққа үлкен ақша, ал бай адамдарға айыппұл ешқандай әсер етпейді. Барлығының автокөлігі 100-200 мың доллар тұрады. Олар айтады екен менде «проездной» деп. 1-2 млн теңге айыппұл төлейді де жүре береді. Мұнда үлкен мәселе бізде заңда да кемшілік бар. Стритрейсинг деген заңбұзушылық. Шетелде бұл бұрыннан бері қаланың ішінде жарыс ұйымдастыру қылмыс болып саналады», – деді депутат Парламенттің бірлескен палатасының кулуарында.

Мұрат Әбенов бірнеше ұсыныс дайындап жатқанын да жеткізді. 

«Стритрейсингте жылдамдықты 60 км/сағ-тен асыратын жүргізушілерді мас күйінде көлік басқарғандармен тең дәрежеде қарастыру қажет. Мұндай жағдайда оларды жүргізуші куәлігінен айыру қатаң түрде қолданылуы тиіс. Егер жүргізуші алғаш рет ұсталып, қала ішінде рұқсат етілген 60 км/сағ орнына 125 км/сағ жылдамдықпен жүргені анықталса, онда оны 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырып, қосымша 15 тәулікке қамауға алу ұсынылады. Осындай ұсыныстар беріп жатырмын», – деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий