Карина Мамаш бұрынғы күйеуінің ағасын сотқа беретінін мәлімдеді

Карина Мамаш бұрынғы күйеуінің ағасын сотқа беретінін мәлімдеді
10.09.2025 11:03
0
160
видеодан алынған кадр

Әйелін соққыға жыққаны үшін сотталған дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы жұбайы Карина Мамаш бұрынғы күйеуінің туыстарын сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлады POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Карина Мамаш экс-күйеуінің туыстарын өзіне жала жапты деп айыптап, сонымен қатар әлеуметтік желіде оның әйелдің және балаларының суреттерін жариялап жүргеніне шағымданды. 

TikTok желіcінде дипломаттың ағасы Нұржан Мамаш Карина Мамашқа қатысты “жалған айыптау” фактісі бойынша арыз жазғысы келгенін, алайда Сәкеннің арыздануға мүмкіндік бермегенін мәлімдеген.

"Сәкен “менің балаларымның анасы” деп арыз жазуға рұқсат бермеді", – деп жазды Нұржан Мамаш.

"Құрметті Нұржан Мамаш, менің атыма бағытталған қорлау мен жала жабуды қамтитын пікірлеріңіз – жай ғана хейт емес, заң бұзушылық. Барлық материалдар тіркеліп жатыр және егер бұл жалғаса берсе, мен оларды тиісті органдарға тапсыруға мәжбүр боламын", – деп жазды әйел.

Сонымен қатар әйел бұрынғы күйеуінің туыстарынан өз келісімінсіз Карина мен балалардың суреттерін жарияламауды сұрады.

"Сіздің жалаға толы пікірлеріңіз жағдайды одан әрі ушықтырып, заң бұзушылықтарды көбейтеді. Әрбір фото мен әрбір пост тіркелуде. Егер сіз өз "шығармашылығыңызды" жалғастырғыңыз келсе, оны әлеуметтік желілерде емес, сотта көрсетуге дайын болыңыз", – деді Карина Мамаш.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий