Каспий теңізіне жаңа қауіп төніп тұр

Каспий теңізіне жаңа қауіп төніп тұр
16.01.2025 16:37
0
436
Depositphotos
Ғалымдар Каспийдегі жаңа су өсімдігі туралы дабыл қағуда

Каспий теңізінің орталық бөлігінде алғаш рет Ceratium tripos var. Balticum деп аталатын жаңа динофитті фитопланктон түрі тіркелді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл су өсімдігі судың «гүлденуіне» әсер етіп, экожүйеге кері ықпалын тигізуі мүмкін. Жаңа фитопланктон судағы оттегі деңгейін төмендетіп, экожүйенің қалыпты жұмысын бұзуы ықтимал.

Каспий теңізінің экожүйесі бұған дейін де инвазиялық фитопланктон түрлерінің әсерін көрген. 1934 жылы Pseudosolenia calcar-avis диатомды балдырлары таралып, ұсақ фитопланктон түрлерін ығыстырған. Алайда бұл балдырлар зоопланктонның негізгі қорегі болуға тым ірі болды, бұл экожүйеге кері әсерін тигізді.

Ceratium tripos var. Balticum одан да ірі клеткаларға ие, бұл зоопланктонның азықтық базасына қосымша қысым түсіруі мүмкін.

Жаңа фитопланктон түрінің тез таралуы Каспий килькасының қоректік базасын қауіпке тігіп отыр. Бұл теңіздегі экожүйе құрылымын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Каспий теңізіндегі инвазиялық түрлердің көбеюіне байланысты мониторинг пен зерттеулерді күшейту қажет. Сондай-ақ климаттың өзгеруі мен биологиялық қауіптердің әсерін азайтуға бағытталған шаралар қабылдау маңызды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или