«Казах без понтов – беспонтовый казах»: Аршавин досына әдейі тиісе сөйледі
«Зенит» футбол клубының YouTube арнасы «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің қатысуымен подкаст жариялады.
Әңгіме барысында футболшылар қызықты тақырыптарды қозғады. Соның ішінде әңгіме ауаны қазақы стереотипке ойысқан еді. Сол сәтте Аршавин әңгімесін Әліптің көлігі туралы пікірінен бастады.
Сенде «блатной» нөмірлер бар, көлігіңнің түсі әншейін... Соған қарап, «Бұл кім болуы мүмкін?» деп ойладым. Кейін мейрамханаға кіріп, сені көргенде, бірден «Ее, бұл – Қазақстанның балалары!» дедім ғой, - дейді Андрей Аршавин.Сондай-ақ ол Нұралы Әліптен «Казах без понтов – беспонтовый казах» деген стереотиптің өзіне қатысының бар-жоқтығын сұрады. Қазақстандық футболшы жауабын қысқа қайырды.
Иә, бәрібір мен мақтаншақ қазақпын, - деп жылы жымия салды ол.Фото: sports.ru
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
04.11.2026
10:04
Ташкентте қазақ футболшылары ауруханаға түсті: ...
04.11.2026
09:54
Қазақстанда онлайн казино ісі бойынша екі шетел...
04.11.2026
09:08
Павлодарда кішкентай қызды зорлаған педофил сот...
04.11.2026
08:29
Алматыда әйелін балаларының көзінше пышақтап өл...
03.11.2026
23:02
Алматыда ақылы автотұрақтарға жеңілдіктерді рәс...
03.11.2026
21:30
Олжас Бектенов жаңа Көлік министріне жол сапасы...