Кеңсе қызметкерлеріне күн сайын жуыну міндеттелмек

Оңтүстік Кореядағы бір компания (аты аталмаған) жазғы ыстықтың жақындауына байланысты қызметкерлеріне жеке бас гигиенасын қатаң сақтау қажеттігін ескертіп, арнайы қызметтік хат таратты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Oxu.Az-дың мәліметінше, Бұл хаттың скриншоты әлеуметтік желі X платформасында жарияланып, көп ұзамай жергілікті БАҚ, оның ішінде Korea JoongAng Daily газеті мен News.nate порталының назарын аударды..
Қызметтік жазбада компания басшылығы барлық қызметкерлерге күніне кемінде бір рет душ қабылдауды, таза киім киюді, дезодорант пен ылғалды сулықтарды пайдалануды және жұмыс орындарын жиі желдетуді қатаң ұсынған. "Өзіңізден иіс шықпайды деп ойламаңыз – әріптестеріңіз сізге бұл туралы жай ғана айтпайды", – делінген үндеуде.
News.nate порталы Incruit еңбек нарығы агенттігі жүргізген сауалнама нәтижелерін де жариялады. 361 адам қатысқан сауалнамада көпшілік жұмыс орнында әріптестерінен жағымсыз иіс сезінгенін мойындаған. Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі мұндай қызметтік ескертуді қолдап, кейбірі тіпті: "Біздің компанияда да осындай хат таратыңыздаршы", – деп жазған.
Соңғы жаңалықтар





