«Кешірім сұрағаныңды күтемін»: Тұрсын Алагөзовтің экс-әйелі мәлімдеме жасады

«Кешірім сұрағаныңды күтемін»: Тұрсын Алагөзовтің экс-әйелі мәлімдеме жасады
30.06.2025 11:31
0
399
ашық дереккөзден

Ляйсира Марат бұрынғы күйеуі Тұрсын Алагөзовтің кешірім сұрауын талап етіп, мәлімдеме жасады, деп хабарлады POLITICO.KZ turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Айсәуле Бақытбекке сұхбат беріп, өткен өмірі туралы айтқан болатын.

«2015 жылы үйленгеніміздің 25 жылдығын атап өттік. Сол кеште сен махаббат пен адалдыққа ант бергенсің. Бірақ тура бір жылдан кейін Тбилисиге басқа адаммен кеттің. Бұл бәріміз үшін шок жаңалық еді. Әсіресе балалар қатты қиналды. Енді сені балалармен ештеңе байланыстырмайды. Айтқан сөздерің үшін менің балаларым мен отбасымның алдында кешірім сұрауғаныңды күтемін», – деді Ляйсира.

Кейін ол не себепті балалары бұрынғы күйеуінің тегінен бас тартқанын түсіндірді.

«Мен махаббат пен шындықты қолдаймын. Амина мен Арсен – ересек адамдар. Олар өздері шешім қабылдай алады. Тегінен бас тартып жүрген – өздері. Алагөзовтің тегіне қатысты реніші – орынсыз. Балалардың еркін таңдауын жоққа шығарып отыр. Шындыққа жанаспайды. Амина менімен ақылдаспай, үш айдан кейін тегін ауыстырды. Арсен ұзақ ойланды. Бір жарым жылдан кейін өзгертті. Мен ол кісі үйден шығып кеткенде-ақ Марат тегіне өттім. Балалар тегінен бас тартқанын саналы шешім деп есептейді», – деді кәсіпкердің экс жұбайы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий