"Кикілжің бір жақтан болмайды". Марқұм Айзаттың қайын атасы не дейді?

Алматы облысында болған қайғылы оқиға туралы марқұм Айзаттың қайын атасы журналист Руслан Өтепбайдың тәуелсіз бағдарламасында пікір білдірді.
Ол екі жастың арасында кикілжің болғанын жасырмайды.
Екеуінің арасында кикілжің болған сияқты, Кикілжің бір жақтан болмайды ғой. Айзат маған келін боп түскенге дейін не болғанын білмеймін, деді ол.
Сонымен қатар, ол атпен сүйреп өлтірді дегені жалған екенін де тілге тиек етті.
Соны жариялаған блогерді сотқа беремін, — деді ол.
Сондай-ақ, изоляторға мүлдем бармайтынын да айтып қалды.
Изоляторға барған жоқпын, мүлдем бармаймын. Қолымен істегенін, мойнымен көтерсін. Үкімет әділ жазасын берсін. Әділ шешсін. Не болғанын Алла біледі. Ешқандай көмектесіп жатқан жоқпын, қорғаушы да жалдаған жоқпын. Өз мойнымен көтерсе, өзі көтерсін. Мен оны ақтамаймын, не деп ақтаймын?, — деді қайын атасы.
Соңғы жаңалықтар





