Әкім: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылыспен күрес жалғасады
598
Алматыдағы тау көшкінінен қауіп сейілді. Оқиға орнында қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл мәселе дәл қазір шаһар әкімі Ерболат Досевтың қала халқымен кездесуі барысында көтерілді. Қала басшысы тау бөктеріндегі заңсыз құрылыспен күрес күшейеді деді. Ол бақылауды күшейту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп келе жатқанын айтты.
Оның сөзінше, 2022 жылы маусымда қалалық мәслихат 15 градустан асатын таулы беткейлерде құрылысқа тыйым салуды ұсынған. Содан бері осы норма сәйкес таулы жерлерде заңсыз 54 құрылысы анықталған. 45-і бойынша сотқа талап-арыз берілген, оның 31-і қаланың пайдасына шешіліпті. 4-еуі әлі қарастырылып жатыр деді. Қалған 9-ы бойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылған. Ерболат Досаев бұл бағытта жұмыстың жалғасатынын алға тартты. Кеше ғана «Тау самалы» ықшам ауданында тау көшкіні болып, лай батпақ бір үйді түгел шайып кетті. Үйінді астында қалған бір отбасының 4 адамы яғни, ерлі-зайыптылар мен олардың егіз жасөспірім ұлдары апаттан көз жұмды. «Қазселденқорғау» мекемесі апатқа жер астындағы су құбырының жарылғаны себеп болған деп отыр.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
18:17
Тарихи жеңіс: Темірлан Тілеулес Қазақстанға тае...
02.10.2026
17:33
Зеленский Путиннің соғыс ережелерін сақтамауға ...
02.10.2026
17:27
Азия ойындарында қазақстандық спортшы допинг да...
02.10.2026
17:02
«Орнымнан тұрмасам, жолаушылар өлер еді»: Flydu...
02.10.2026
17:02
Тоқаев: «Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықа...
02.10.2026
16:55
Ақтауда бір жарым жасар сәбиді қағып өлтірген ...