"Кімнің кім екенін білдік": Қайрат Нұртастың інілерімен түсірген видеосы елді күлдірді
Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың әкесі мен інілерімен түсірген видеосы тарап, елді күлдірді. Бейнежазбада жұлдызды жанұя өкілдері туралы ел білмейтін жайттар айтылды.
Ерекше отбасылық видеоны Instagram желісіне Заңғар Нұртас жариялап қойған. Бейнежазбада Нұртас Айдарбеков ерекше тәсілмен ұлдарының бойындағы қасиеттерін айтып шығады.
Ол ұлдарының артында тұрып, келіні қойған сұрақтарға жауап берген. Соның арқасында көпшілік Қайрат Нұртастың отбасында ең көп кешігетін әрі ең көңілді және жомарт жан екенін білді.
Әкесінің айтуынша, Заңғар Нұртас ағаларына қарағанда жақсы оқып, үй шаруасына көп көмектеседі. Ал Аян Нұртас жанұясында тамақты ең көп жеп, заттарды жиі жоғалтатын адам екені белгілі болды.
Желі қолданушылары аталмыш видеоға түрлі пікір қалдырып, қызу талқы ұйымдастырды.
"Әкесінің қасында үшеуініңде күлкісі, сәби күлкі. Әкелеріне еркелеген құлыншақтар", "Өте күлкілі видео екен", "Сондай ерекше отбасылық сәт", "Бақыт деген осы", "Өте көңілді видео екен. Осындай контент көбірек салып тұрсаңыздаршы", "Кімнің кі екенін білдік", - деп жазуда көпшілік.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.11.2026
12:51
«Қазатомөнеркәсіптің» тағы бір басшысы қызметін...
27.11.2026
12:28
«Келінді төрге отырғызу — дәстүрге қайшы»: Қоға...
27.11.2026
11:26
"Терезеден секірдік": Алматыда 5 адам қаза тапқ...
27.11.2026
10:54
«Бюллетеньді суретке түсірсеңіз...»: Бас прокур...
27.11.2026
10:36
«Ал әйел кетпейді, қалады»: Мөлдір Мұқанова ажы...
27.11.2026
10:07
Көкшетауда аурухана маңынан ер адамның мәйіті т...