«Кличкодан асып өтті»: Ардақ Назаровтың ескі сұхбаттары елді күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

«Кличкодан асып өтті»: Ардақ Назаровтың ескі сұхбаттары елді күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)
23.09.2025 12:10
0
190
Скриншот видеодан алынды

Жақында Мәжілісте анасын құттықтап жұрт назарын аударған депутат Ардақ Назаровтың ескі сұхбаттары әлеуметтік желіде тарап, елді күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Сол сұхбаттардың бірінде Назаровқа «сіз депутаттыққа дейін қандай бизнеспен айналыстыңыз?» деген сұрақ қойылған. Ол былай жауап берген:

«Мен аптасына он бес... жоқ, он төрт жаттығу жасайтынмын. Таңертең, кешке – күнде. Әр жексенбі тауға жүгіретінмін. Тауға шығып, соңында көзімнен жас шығатын, жылайтынмын», – деп сұраққа тікелей жауап бермей, басқа әңгімеге ауысып кеткен.

Желі қолданушылары түрлі пікір жазды:

«Мен не деймін, домбырам не дейді»
«Жалпы жаттап келген әңгімесін айтып отыр, сұрақ маңызды емес»
«Дәрігерлер не дейді, шанс бар ма дейді ме?»
«Кличкодан асып өтті»
«Сөйтіп бизнес не болды?», - деп пікір қалдырған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий