Көкшетауда әйел 80 адамды “шетелге жұмысқа кіргіземін” деп алдап кеткен
1152
Көкшетауда 80 адам сан соғып қалды
Ақмола облысында ондаған адамды алдады деген күдікпен Көкшетау тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті 2023 жылдан 2026 жылдың қаңтарына дейін Instagram әлеуметтік желісі арқылы Ұлыбританияда жұмысқа орналастыру қызметін ұсынған. Ол клиенттерге виза рәсімдеу, медициналық сақтандыру жасау, биометриядан өткізу және басқа да құжаттарды дайындап беремін деп уәде берген.
Аталған қызметтер үшін азаматтардан қолма-қол және банк аударымдары арқылы ақша алған. Алайда іс жүзінде шетелде жұмысқа орналастыру жүзеге аспаған.
Қазіргі уақытта 80-ге жуық адам жәбірленуші ретінде танылған. Келтірілген жалпы шығын шамамен 40 миллион теңгені құрайды.
Сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрін таңдады. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
23:32
Қаза тапқан матростың денесі таксимен жеткізілд...
25.09.2026
22:49
Тоқаев қаза болған сарбаздарды мемлекеттік нагр...
25.09.2026
21:46
Данияр Елеусінов тағы да дауға қалды: FlyArysta...
25.09.2026
21:23
Асхат Тарғын: "Мәрия арман едің" бейнебаянын Ди...
25.09.2026
21:03
Әкесі желіде тараған видеодағы сарбаздың тірі е...
25.09.2026
20:56
Нуранбекова зорланғаннан кейін туған баласы тур...