Ресейдегі жаппай төбелеске қазақстандықтардың қатысы бар ма?

27.03.2026 18:29 Қарақат АСЫЛОВА
Ресейдегі жаппай төбелеске қазақстандықтардың қатысы бар ма?
398
Сыртқы істер министрлігі жауап берді

Әлеуметтік желіде Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга кентінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Кадрларда көп адамның қатысуымен болған қақтығыс кезінде топ ішіне автокөлік кіріп кеткені көрінеді. Оқиға 2026 жылғы 26 наурызда «Велестрой» құрылыс компаниясының нысанында болған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Санкт-Петербургтегі ҚР Бас консулдығы қазақстандықтар қатысқан жанжал туралы ақпаратты тексеріп жатыр.

Алдын ала деректер бойынша, оқиғаға қатысушыларды Ресейдің құқық қорғау органдары ұстап, мән-жайды анықтауда.

Сондай-ақ Қазақстан тарапы Ресейдің құзырлы органдарына және компания басшылығына ресми сұрау жолдаған. Қазіргі уақытта дипломаттар Санкт-Петербург пен Ленинград облысының ІІМ органдарымен байланыста болып, қазақстандық азаматтардың нақты саны мен құқықтық мәртебесін анықтап жатыр.

Сыртқы істер министрлігі аталған мәселе ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий