Көкшетаулық блогер Аслан Төлегеновке ұлт араздығын қоздырды деген айып тағылды

Көкшетаулық блогер Аслан Төлегенов желіде "Северный казах" деген лақап атпен танымал, өзін русофобияға қарсы күресуші ретінде көрсетіп жүрген азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынғаннан кейін енді қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Оған Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша ұлт араздықты қоздыру айыпы тағылып отыр. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Төлегенов шілденің 6-сы күні TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жазаға тартылған болатын. Сотта ол өз кінәсін жартылай мойындаған, ал адвокаты тәртіп бұзушылықтың құрамы жоқ екенін алға тартып, істі тоқтатуды сұраған. Алайда судья оны кінәлі деп тауып, 10 тәулікке қамауға алу жөнінде шешім шығарды.
Алайда бұл оқиға мұнымен тоқтаған жоқ. Кейіннен блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол ҰҚК-нің тергеуіне өткен. Қазір алғашқы деректер бойынша Аслан Төлегенов 2 айға қамауға алынып, СИЗО-ға ауыстырылған.
Ресми органдар әзірге тергеудің егжей-тегжейін ашық айтпады. Ал әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге қарағанда, қылмыстық іс дәл осы тікелей эфирдегі айтылған сөздерге байланысты қозғалған.
Соңғы жаңалықтар





