Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынбайды

Бұл туралы «Аманат» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, politico.kz хабарлайды.
Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха жол қозғалысы туралы заңдағы бес минуттық норма «тоқтату» және «тұрақ» белгілеріне ғана қатысты деп түсіндірді.
«Тұрақ - бұл көлік құралының бес минуттай әдейі тоқтауы. Яғни, мен бір жерде келе жатырмын, 5 минуттан астам уақыт тоқтадым, бұл "тоқтау" немесе "тұрақ" болады. Ол жерде “көлік қыздыру” туралы айтылмаған. Механикалық қозғалтқышы бар көліктерге оталдырған күйі ұзақ тоқтап тұруға тыйым салынады. Балаларды оятады, ұйықтатуға кедергі келтіреді дегендей. Егер бізге арыз түссе, тек осы жағдайда ғана жауапкершілікке тарта аламыз», - деді вице-министр.
Ал депутат Бақытжан Базарбек 5 минут көлік қыздыру төңірегіндегі шу мемлекеттік органдардың немқұрайлылығынан болғанын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар





