Колония басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен қамауда

30.01.2026 12:38 Арман Ермеков Арман Ермеков
Колония басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен қамауда
202
Фото: depositphotos.com

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №14 мекеме басшысының бұрынғы орынбасары Серік Арыстанов пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz

Бұл туралы Бас прокуратура ҚазТАГ агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

«Алматы облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп тексеру басқармасы Серік Арыстановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366 бабының 3 бөлігінің 4 тармағы, яғни пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу органы 2026 жылғы 14 қаңтарда Серік Арыстановты Қылмыстық процестік кодекстің 131 бабына сәйкес ұстады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – делінген жауапта.

Бейресми дереккөздердің хабарлауынша, бұл тұтқындау 2024 жылы дәл осы колонияда тіркелген сотталғандарды жаппай ұрып-соғу және бопсалау фактілеріне қатысты ауқымды тергеумен байланысты болуы мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий