Конституцияға кез келген өзгерістер тек қана референдум арқылы енгізілуі тиіс — Тоқаев 

30.01.2026 12:59 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Конституцияға кез келген өзгерістер тек қана референдум арқылы енгізілуі тиіс — Тоқаев 
153
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Politico.kz.

«Конституция, бұл – кез келген елдің ең басты жол көрсететін құжаты, темірқазығы. Конституцияны бәріміз білуіміз керек, бағалауымыз қажет. Сондықтан егер болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістер, тіпті, шағын өзгерістер енгізу керек болып жатса, ондай қадамды тек референдум арқылы ғана жасауға болады деген ойдамын. Бұл да халқымыздың азаматтық құқығын күшейтудің маңызды тәсілі деп сенемін», - деді мемлекет басшысы.

Президент Конституцияға қатысты ұсыныстың бәрін комиссия мұқият қарап шыққанын атап өтті.

«Тағы бір айта кететін маңызды жайт: Комиссия Конституцияға қатысты ұсыныстың бәрін мұқият саралап шықты. Мұқият ойластырылған түзетулер Конституцияның барлық негізгі бөлімдері мен баптарын, преамбуласын түгел қамтитын болады», - деді Тоқаев.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий