Көптен көрінбей кеткен әнші Ерболат Құдайберген тойда ән айтып жүр

29.10.2025 18:21 Берік Арманов
Көптен көрінбей кеткен әнші Ерболат Құдайберген тойда ән айтып жүр
0
647

Белгілі әнші Ерболат Құдайбергеннің тойда ән айтып тұрған видеосы желіде кеңінен тарап кетті деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Видео қолданушылардың назарын аударып, түрлі пікірлер туғызды.

Әлеуметтік желі қолданушылары видео астына пікір қалдырып, әншінің шынымен тойға шыққан ба, әлде концерттік бағдарламаның бөлігі ме деген сұрақтарын талқылап жатыр. Көпшілігі оның сахнадағы мінез-құлқы мен өнер көрсету шеберлігін атап өтіп, ыстық ықыластарын білдірді.

Кейбір пікірлерде видеоға қатысты әзілдер мен мемдер пайда болып, желіде қызу талқылануда. Қолданушылардың бір бөлігі:

«Бұлда тойға шығатын болған ба?»,«Жүгіруге шығып тойға жәй кіре салған сияқтығой», – деп пікір қалдыруда.

Әншінің өз тарапынан ресми мәлімдемесі әзірге жоқ, алайда бұл видео желіде үлкен қызығушылық тудырып, қолданушылар арасында қызу талқыға түсіп отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий