«Көріпкелдер мен емшілер мазалай бастады»: 156 келіге жеткен Рамазан Амантай ашық сыр шертті

27.01.2026 09:41 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Көріпкелдер мен емшілер мазалай бастады»: 156 келіге жеткен Рамазан Амантай ашық сыр шертті
47
Коллаж: Politico.kz

Танымал актер әрі кинопродюсер Рамазан Амантай журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында соңғы уақытта басынан өткеріп жүрген қиындықтары туралы айтты, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иесі әлеуметтік желілерде өзіне бағытталған жағымсыз пікірлердің көбейгенін жасырмады.

«Өзіме ауыр тиіп жүргенін баяғыдан сеземін. Барлығы салмағым 100 келіден асқаннан кейін басталды. Әуелде қатты сын болмады, өзімізше “балақай” деп әзілдейтінбіз. Бірақ уақыт өте келе ауыр сөздер жиі айтыла бастады. Оған да үйреніп кетесің. Ал отбасым қатты уайымдайды. Сол себепті көрермендерден бір өтінішім  жақындарыма тиетін артық пікір жазбаса екен», — дейді ол.

Актердің айтуынша, артық салмақ күнделікті өміріне айтарлықтай әсер ете бастаған.

«Өмірдің үлкен жарысына ерте араласып кеткен сияқтымын. Продюсерлік жолдың да өз ауыртпалығы бар. Күн сайын жүз түрлі мәселемен оянғанда, салмаққа мән бермей кетеді екенсің. Кейде алаяқтарға да тап боласың. Бір апта бұрын салмағым 161,5 келі болды да, сол кезде залға бардым. Қазір 156 килограммға түстім  бес келі тастадым. Ал бастапқы салмағым 70 келі еді. Жыл сайын шамамен он келіден қосылып отырған. Қазір өзіме өте қиын: аяқ киім киюдің өзі мұң, сүйікті киімдерімді де кие алмаймын. Ұйқым бұзылған. Бұдан бөлек, елдің айтуымен түрлі көріпкелдер мен емшілер де жаза бастады. Ақыры шариғат жолын ұстанатын адамға бардым. Ол “дуаланғансың, сыртқы ықпал бар” деді», — деп бөлісті Рамазан Амантай.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий