Көршісінен қызғанған ер адам әйелін оқтаумен ұрып өлтірді
964
Tверь қаласында 41 жастағы Александр есімді ер адам қызғаныштан әйелін өлтірді.
Оған әйелі көршісімен сөйлесіп, көңілдес болып кетті деген күдік түрткі болған. Бұл туралы SHOT басылымы хабарлады.
Өткен бейсенбіде Александр 40 жастағы әйелі Аннаға көршісімен әңгімелескенін қызғанып, дау шығарған. Әйелі барлық айыптауларды жоққа шығарса да, ер адам оны тыңдамады. Қызғаныштың жетегіне ерген ол ашуға мініп, ас үйдегі скалканы алып, әйелінің басынан ұрып құлатқан. Әйелі әлі тірі болғанда, ер адам оны жастықпен тұншықтырып өлтірген.
Содан кейін өзі полицияға хабарласып, қылмысын мойындады.
Қайғылы оқиғадан кейін үш бала – 4, 10 және 14 жастағы балалар жетім қалды. Қазір ер адамға 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...