Коуч ерекше баланың анасын елдің көзінше кемсітіп, жұртты ашуландырды
Желіде ерекше баласы бар әйелдің түр келбеті мен жеке өмірін сынап, кемсіткен коуч Бақытбай Садырбек желі қолданушыларының ашуына тиді, деп хабарлайды Politico.kz.
Коуч желідегі парақшасына кездесулерінің біріндегі ерекше баланың анасымен сөйлескен сәтінен видео жариялады.
Видеодан коучтың алдымен көпбалалы ананың жасын, кейінірек жеке өмірін сынағанын байқауға болады.
Ерекше баласы бар әйел өзінің 38 жаста екенін айтқан. Сол сәтте Бақытбай Садырбек оған қатты шаршаған екенсіз деп жауап қайтарады.
«Мен сізді шамамен 48 жаста шығар деп ойладым! Қатты шаршағансыз! 42 жаста болса да менімен шамалас көрінетін әйелдер отыр ғой. Алты баласы бар. Неге өзіңізге қарамайсыз?», – дейді ол.
Әйел ерекше баланы тәрбиелеп отырғанын айтады. Коуч әйелден баланың неге дамымай жатқанын сұрайды.
Әйел баласымен жылдар бойы ауруханада болғанын, барлық уақытын соған арнағанын айтты.
Желі қолданушылары коучтың сөзіне ашуланып, оны сынға алды.
«Баласы ауыратын анаға оңай емес, оны кәрі көрінесің дегені дұрыс емес», «Мынау масқара ғой», «Осындай шолақ сақалдар қоғамға керек емес», «Ақыл айтқыш езбе, сен кімсің олай әжуалап сөйлейтіндей», - деп жазды желі қолданушылары.
Олар коучты жауапқа тарту керегін жазды.
Соңғы жаңалықтар