"Көзінде мұңы бар": Ләйлә Сұлтанқызы жантебірентерлік жазба жариялады

15.02.2025 15:40
0
99
ашық дереккөз

Қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында ана қадірі туралы ой қозғап, анасының әр сәтін мәнді де сәнді қылғысы келетіні туралы жазба жариялады.

"Менің жұлдызым – Дишинкам. Біріміздің анамыз қасымызда, біріміздікі жоқ… Қадірін ана болғанша біле де, түсіне бермейтініміз тағы бар. “Соңғы кезде мамаңызды көп көрсетесіз, көзінде мұңы бар, әбден қиындық көрген-ау” деген пікірлерді оқып қаламын. Иә, расымен түрлі жағдайлар бастан өтті ғой. Қайсыбірін айта берейік. Өткен өмірді қозғай бергеннен не пайда? Көбіміздің ата-анамыздың тағдыры ұқсас қой. Қиындыққа қарамай өсірді, оқытты, жеткізді. Шүкір, тәуба. Алға ұмтылуымыз керек. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыздың бақытын көруді баршамызға нәсіп етсін. Ал қазір ыңғайы келсе, барынша анама көңіл бөліп, әр сәтін мәнді де сәнді қылғым келеді", - деп жазған тележүргізуші анасымен бірге түскен видеосын бөлісті.

Мұны көрген желі қолданушылары Ләйлә мен анасына ұзақ ғұмыр тілеп, жылы лебіздерін білдірді. "Керемет, анаңызбен мың жасаңыз", "Анаңыз қасыңызда, бақыттысыз, ұзағынан болсын", "Анаңызды көрсем, өз анамды көргендей боламын", "Аналарымыз аман болсын", - деп ақ тілектерін жаудырды пікір қалдырушылар. Еске салсақ, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы анасына тосынсый жасап, кіші қажылыққа жолдама сыйлағаны туралы жазған едік. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий