"Көзіңе шөп салып жүр деген": анасының сөзіне сенген ер адам әйелін өлтіріп тастады

Әзербайжанда отбасылық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. Ер адам анасынан естіген сөзге сеніп, өз жұбайына пышақпен шабуыл жасап, өлтірген.
Белгілі болғандай, ол ұзақ уақыт бойы алкогольге тәуелді болып, әйелі және анасы бірге тұрған.
Кезекті рет ішімдік ішіп келгеннен кейін ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындайды. Сол сәтте анасы ұлын қорғап, келінімен сөзге келіп қалады.
Келесі күні ер адам анасынан зейнетақы картасын алып, ақша шешіп, қайтадан ішімдік ішуге кеткен. Осы уақытта әйелі күйзелісті жеңу үшін мектептегі сыныптасымен хат алмасып жүрген. Мұны байқаған енесі келінін опасыздыққа күдіктеп, ұлына теріс пікір айтады.
Кешке үйге мас күйінде оралған ер адам анасының: «Ол сені алдап жүр» деген сөзін естиді. Бұл күдік түні бойы маза бермей, ашуын күшейтеді. Ертеңінде ол әйелінің соңынан аңдып шығады, бірақ көзден жоғалтып, үйіне қайтады.
Кешке жұбайы үйге оралған кезде, ашулы күйдегі ер адам жатын бөлмеде оған бірнеше рет пышақ жарақатын салады. Әйел оқиға орнында қаза тапты.
Соңғы жаңалықтар




