Күдікті – олардың ұлы: Теміртауда ерлі-зайыптының мәйіті табылды
295
Теміртауда ерлі-зайыптының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Теміртауда екі адамның өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. 7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылған.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстаған. Ол қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де мән-жайы жарияланбады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
13:15
Қазақстанда мәслихат депутаттарының саны өзгере...
09.10.2026
12:58
Өскеменде өртенген үйден 30 жастағы ер адамның ...
09.10.2026
12:39
«Қарызға сұрап алдым». Мақпал Жүнісова сахнада ...
09.10.2026
12:37
Күдікті – олардың ұлы: Теміртауда ерлі-зайыптын...
09.10.2026
12:24
Астанадағы спорт университетінің жетістігі халы...
09.10.2026
11:52
Астана көгінде әскери тікұшақтар ұшып жүр: мемл...