Күн бетінде таңғажайып қара бұлт тіркелді

Күн бетінде таңғажайып қара бұлт тіркелді
23.01.2025 15:21
0
108
Ғалымдар Күнде сирек кездесетін және ерекше құбылысты тіркеді

22 қаңтар күні Күнде сирек және таңғажайып құбылыс орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Күн дискісінің дәл ортасында қара бұлт пайда болып, оның бір бөлігі ғарышқа лақтырылған, ал қалған бөлігі күн тәжінде еріп кеткен. Бұл туралы Лаборатория солнечной астрономии хабарлады.

"Күн бетінде өте сирек кездесетін, ерекше әсем әрі сәл қорқынышты құбылыс болды. Дәл көрінетін дискі орталығында қара түсті құрылым қалыптасып, ғарышқа ішінара лақтырыла отырып, тәж ішінде еріді. Ғылыми түсіндірмесіне қарамастан, мұндай құбылысты көру біршама мистикалық әсер қалдырады," – дейді зертхана мамандары.

Ғалымдардың айтуынша, бұл әсер қара бұлттың құрамындағы нейтралды сутегі элементтерінің көптігімен түсіндіріледі. Бұл элемент қысқа толқынды сәулелерді дерлік толық жұтып алады, нәтижесінде плазма қара түске енеді.

Зерттеушілер бұлттың суық протуберанцтың – Күн плазмасының тығыз шоғырланған құрылымының – жарылуынан пайда болғанын болжайды.

"Соңында протуберанцтың заты толықтай бұзылып, жоғалып кетті. Бірақ бұл процесс жүріп жатқан үш сағат ішінде қара плазма бұлты магнитті сызықтар бойымен Күн тәжінде таралып, өмір сүрді," – деп қорытындылады астрономдар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или