"Күтпеген жерден...": Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек жазба жариялады
Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібек (Jani Saveliev) әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялап, туған анасын іздеу әлі де жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның сөзінше, бұл іздеу ұзаққа созылғанымен, соңғы уақытта үміт сыйлайтын деректер көбейген.
«Бұл іздеу ұзаққа созылып жатыр және әлі де қанша уақыт жалғасатынын білмеймін, мүмкін әлі ұзаққа созылар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада нәтижесін берер. Соңғы уақытта біз үміт сыйлайтын көптеген іздерге де кезіктік», – деп жазды Жәнібек.
Сондай-ақ ол өзіне қолдау білдіріп жүрген жандарға алғыс айтып, күн сайын туған анасын ойлайтынын жеткізді.
«Біліп жүріңіздер, мен күн сайын сіздердің әрқайсыңызды да, анамды да ойлаймын», – деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...