Бельгиялық қазақ баласы Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйел табылды

30.04.2026 13:54 Мөлдір Қайнар
Бельгиялық қазақ баласы Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйел табылды
1015
фото: әлеуметтік желі

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетел асқан Жәнібектің (Jani Saveliev) туған анасы болуы мүмкін әйелге қатысты жаңа дерек пайда болды, деп хабарлайды Politico.kz «Қазақ радиосына» сілтеме жасап.

Редакцияға жолданған хатта көрсетілген мәліметтер Жәнібектің бұған дейін белгілі болған өмірбаяндық деректерімен сәйкес келетіні айтылған.

Хат мазмұнына сәйкес, Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген әйел 2002 жылдары Моңғолиядан Арқалық қаласына оқуға келген. Сол уақытта жүкті болып қалған бойжеткен бұл жағдайды ата-анасына айтуға қорқып, перзентханада босанып, ресми түрде қолхат жазып, нәрестеден бас тартқан. Хатты жолдаған азаматша бұл әйелдің өзінің қайын әпкесі екенін алға тартады.

Автордың сөзінше, Жәнібек сол тастап кеткен бала болуы әбден мүмкін. Себебі олардың туған күндері сәйкес келеді, сондай-ақ баласын іздеп жүрген әйелдің айтуынша, Жәнібек оған қатты ұқсайды. Осы жайттарды негізге алған хат иесі мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін нақты тексеріс қажет екенін жеткізген.

Хат соңында туысы ДНК сараптамасын тапсырып, Жәнібекке биологиялық тұрғыдан қатысы бар-жоғын анықтағысы келетінін мәлімдеген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий