Күйеуі әйелін ажырасқаны үшін атып кетті

Күйеуі әйелін ажырасқаны үшін атып кетті
20.01.2025 10:01
0
170
ашық дереккөз

2024 жылдың желтоқсанында екі баланың анасы Дженнифер Шеффилд күйеуімен ажырасқаны туралы видео жариялады.

Видеоға бұрынғы жұбайы “керемет" деп пікір қалдырды. Өйткені олардың ажырасуы жау-дамайсыз шешілген.

"Сонымен, мен жалғызбасты анамын. Қазір ажырасу процесінде жүрмін. Менің күйеуім бұл шешімге қарсы болмады. Біздің баламыз бар екенін ескере отырып, бұл дұрыс шешім екенін түсіндік. Экс-күйеуім қызын тәрбиелеуге көмектеседі, оны қолдайды, мен оған өте ризамын", — деді ол бес миллион қаралым жинаған видеосында.

Бейне жарияланғаннан кейін 18 күн өткен соң әйел өз үйінде өлі табылды. Оны күйеуі атып өлтіріпті.

Әйелдің таныстары Брэндоннан мұндай қатыгездік күтпегенін айтады. Олардың айтуынша, ол әрқашан әйеліне сүйіспеншілікпен қараған.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Дженнифердің оқиғасынан кейін, күйеуіғ ешқашан зорлық-зомбылық көрсетпесе де, ажырасу әйелдің өміріне қауіп әкелуі мүмкін екенін талқылап жатыр.

Ақпарат madeniportal.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или