Күйеуі ұрып-соққан Маржан Арапбаеваның жағдайы белгілі болды

25.01.2026 11:09 Берік Арманов Берік Арманов
Күйеуі ұрып-соққан Маржан Арапбаеваның жағдайы белгілі болды
80
Фото: видеодан кадр

Әнші Маржан Арапбаева қызы екеуі Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жүр. Өнер иесі Дубайдан түсірілген суреттерді Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Жарияланған фотоларда әнші қызымен бірге бейнеленген.

Жазбасында ол: «Осы қызым маған ұқсаған, өзім сияқты мінезі бар. Махаббат қой», — деп жазды.

Алайда бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқылау туғызды. Оқырмандардың бір бөлігі әншінің демалысына жылы лебіз білдірсе, енді бірі бұрын тараған тұрмыстық жанжалға қатысты қауесеттерді қайта қозғады.

Пікірлер арасында тұрпайы әрі айыптауға құрылған жазбалар да кездесті.

«Күйеуі ұрды деп жатыр еді ғой, қыдырып жүр ғой», «Бұтында мини юбка байынан таяқ жемей қайтсін», «Сізге ұқсаса жаман қыз болмайды», «Қызың бақытты болсын», «Жеке өмірін халықтың талқысына салмай-ақ қою керек», «Қызын қорғап, өз жолымен кеткен сияқты», - деп жазды олар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий