Күйеуіме қырындаған қызды қырып алдым – блогер жеке өмірі туралы

Күйеуіме қырындаған қызды қырып алдым – блогер жеке өмірі туралы
07.05.2025 18:01
0
482

Бұрынғы жайдарманшы, қазіргі танымал блогер Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі жазбасымен жұрт назарын өзіне аударды. Ол күйеуіне деген қызғанышын ашық айтып, жазбасында көңіл күйін білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жақында ғана Мереке Қалбаева жұбайы Арсенмен бірге «Айка» атты бейнебаянын жарыққа шығарған болатын. Жазбасында ол осы клипке түскен арулардың бірі күйеуіне көз тіккенін айтып, әзіл-шыны аралас пікір білдірді.

«Менің жаным – менікі ғана. Күйеуімді қызғанбайтын едім, енді сәл опасяндау болып қалды. Арсенге біздің "Айка" әніміздің клипіндегі бір қыз қырындап, кеше бір қырып алғаным бар. Менің орнымда сен болсаң, не істер едің, құрбым?» – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары блогердің ашықтығы мен шынайылығына риза болып, оның әрекетін қолдап пікір қалдыруда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий