Күйеуімен ұрсып қалған әйел екі кішкентай баласын терезеден лақтырып жіберді

19.09.2025 10:03 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Күйеуімен ұрсып қалған әйел екі кішкентай баласын терезеден лақтырып жіберді
0
704
Shutterstock

Өзбекстан астанасы Ташкентте отбасылық жанжал ауыр трагедияға ұласты. Қызғаныштың кесірінен үш адам терезеден құлап кетті.

Бұл туралы Darakchi жазды.

Жергілікті басылымның мәліметінше, ерлі-зайыптылар мен олардың 2022 және 2024 жылы туған екі ұлы көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерде тұрған. Жанжал кезінде әйел ашуға беріліп, екі кішкентай ұлын терезеден итеріп жіберген. Біраз уақыттан соң өзі де төменге құлаған.

Оқиға орнына шұғыл жеткен медициналық қызмет мамандары әйел мен екі баланы ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ананы аман алып қалу мүмкін болмады. Балалары тірі қалды, алайда олардың нақты жағдайы туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаға назар аударып, қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу комитеті барлық қажетті шараларды атқарып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий