«Күйеуің қайда?»: Айгүл Иманбаева көпшілікті ойландырып қойды

«Күйеуің қайда?»: Айгүл Иманбаева көпшілікті ойландырып қойды
06.01.2025 17:40
0
132
видео скриншот

Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева Жаңа жыл мерекесінен кейін анасымен бірге Түркияға сапар шекті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

2024 жылы тұрмысқа шыққан өнер жұлдызының бұл қадамы әлеуметтік желі қолданушыларын түрлі ойға қалдырды. Эстрада өкілі Стамбұлдан фото мен видео бөлісіп, оқырмандарына анасымен бірге демалысын қалай өткізіп жатқанын көрсетті.

Анаммен бірге түнгі Ыстамбұлдың сиқырлы сәттерін тамашалап жүрміз, деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің күйеуінсіз қыдырып жүргенін сынға алған.

«Күйеуің қайда?», «Анаңыздың күйеубаласы қайда? Неге енесімен бірге қыдырмайды», «Күйеуіңіз неге бармаған?», «Жолдасыңыз көрінбейді», «Күйеу баламыз қайда кеткен? Жоқ болып кетті ғой», «Отағасынсыз қыдыра бересіз бе?», деп жазды оқырмандар. 

Фото: видеодан кадр

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или