Ләйлә Сұлтанқызы бала туу көрсеткішінің төмендеуіне алаңдаушылық білдірді

15.05.2025 20:37 Берік Арманов Берік Арманов
Ләйлә Сұлтанқызы бала туу көрсеткішінің төмендеуіне алаңдаушылық білдірді
0
269
Фото: instagram.com/sultankyzy

Журналист әрі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстанда бала туу көрсеткішінің 14%-ға төмендеуіне алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселені қоғам талқысына шығарды, деп жазады POLITICO.KZ.

2024 жылдың алғашқы үш айында бала туу деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға азайған. Бұл — соңғы он жылдағы ең төмен көрсеткіштердің бірі. Осы дерекке орай Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Былтыр алғашқы 3 ай мен биыл 3 айды салыстырсақ, туу көрсеткіші 14%-ға төмендеді. Мұндай төмен көрсеткіш соңғы рет 2014 жылы тіркелген. Ары қарай осылай жалғаса берсе, не боларын кім білсін?» — деп жазды.

Журналист өз жазбасында жастардың қазіргі таңда саналы түрде ата-ана болудан бас тартып жатқанын атап өтті.

«Әке, ана болудан неге саналы түрде бас тартады? Тек қаржылық қиындық па? Әй, қайдам, олай емес-ау», — деді ол.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары бұл құбылысты көбіне қаржылық тұрақсыздықпен, тұрғын үй мәселесімен және ер адамдардың жауапкершіліктен жалтаруымен байланыстыруда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий