"Ләззатқа әлі де ғашықсыз...": Мұхамеджан Тазабекке ұятсыз сұрақ қойған журналисті сотқа бермек

Адвокат Ләззат Ахатова әлеуметтік желіде жазба қалдырып, журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды сотқа беретінін мәлімдеді.
Журналист(сымақ) Нұрсейіт Жылқышыбай дегеннің мекен-жайын білетін адам болса, үлкен өтініш, жекеге жазыңыздаршы
Соттылықты анықтап алу үшін, нақты адресі керек. Менің жеке өміріме қатысты эфирде курстасым Мұхамеджан Тазабекке (жиі сөйлесіп тұрады екенсіз деген сияқты) шындыққа жанаспайтын өзінің долбарын сұрақ ретінде тықпалап, ар-намысқа тигені үшін сотқа беретінімді мәлімдеймін.
Мұхамеджанның телефонын да білмейді екем. Жаңа қарасам, соңғы рет былтыр 2024 жылдың наурыз айында оразаның алдында мессенжер арқылы сөйлесіппіз. Астанаға келгенде, курстастар шәй ішейік депті. Бір жарым жылда бір мессенжер арқылы сөйлесу - жиі хабарласқанға жата ма? Сотта сол сұрақтарға жауап берсін, ендеше, - деп жазды ол.
Ләззат Ахатова коуч курстасы Мұхамеджан Тазабекпен жақын араласпайтынын айтты.
«Мұхамеджанның телефонын да білмейді екем. Жаңа қарасам, соңғы рет былтыр 2024 жылдың наурыз айында оразаның алдында мессенжер арқылы сөйлесіппіз. Астанаға келгенде, курстастар шәй ішейік депті. Бір жарым жылда бір мессенжер арқылы сөйлесу — жиі хабарласқанға жата ма? Сотта сол сұрақтарға жауап берсін, ендеше»,- деп ашуланды адвокат.
Соңғы жаңалықтар





