«Мәңгілік жүрегімдесің»: Жол апатынан қаза тапқан полицейдің жұбайы жан тебірентер жазба арнады
7-желтоқсан күні Ақмола облысында қызметтік міндеттерін атқару барысында полиция қызметкері қаза тапқан еді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sn ақпарат порталына сілтеп.
Қайғылы оқиға 7 желтоқсанда Астана-Ерейментау-Шідерті тасжолында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Camry жүргізушісі рульді басқара алмай, патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен. Полицей жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жүргізушілерге жылдамдықты асырмауды ескертіп тұрған.
Аскербеков Асанәлі Асхатұлы есімді қызметкрдің жан-жары өзінің парақшасында марқұм жарына жазба арнап, жұртты елжіретті.
Жан жарым… Сен кеткен күн – менің өмірімнің ең ауыр күні болды. Сол сәттен бері жүрегім үшке бөлінді: бір бөлігі – сенде, бір бөлігі – Әмірде, бір бөлігі – Сардардың. Балаларымыз күнде сенің суретіңе қарап, “әке” деп айтады… Ал менің жаным тағы бір рет сынып түседі. Сенің орның ешқашан толмайды. Мен Әмір мен Сардарды құшақтағанда, сенің иісіңді сағынғандай боламын. Олар сені мақтан тұтады, жаным… Сенің атыңды естелік емес, жүрегіміздің ең жылы жерінде сақтаймыз. Жатқан жерің жарық, жаның жанната болсын… Біз сені ешқашан ұмытпаймыз. Сағыныш. Өте қатты сағындық", - деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар