Маңғыстау облысы әкімдігі алдында өзіне өрт қойған ер адам қайтыс болды

Маңғыстау облысы әкімдігі алдында өзіне өрт қойған ер адам қайтыс болды
19.12.2024 14:02
0
93
t.me/orda_kz
Маңғыстау облысында өзіне өрт қойған ер адам 12 күннен кейін қайтыс болды

Маңғыстау облысы әкімдігі алдында өзін өртеген ер адам 17 желтоқсанда сағат 9:00-де қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Руслан Бекібаев мәлімдеді. Ер адам 12 күн бойы реанимацияда жатқан болатын.

Руслан Бекәбаевтің айтуынша, ер адам термикалық күйік алған, денесінің 98%-ы күйіп кеткен. Оны дәрігерлер ауырсынудан қорғау үшін медикаментоздық ұйқыға жатқызған, алайда кейін оның қан қысымы төмендеп, күйік шокынан қайтыс болған.

"Біз оны медикаментоздық ұйқыға енгіздік, бірақ күйік шокынан және төмен қан қысымынан ол өмірмен қош айтысты", – деді Бекібаев.

Қайтыс болған адамның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Бекибаевтің сөзінше, осындай жағдайлар қылмыстық сипатта болып саналады, сол себепті мәйіттер сот-медициналық сарапшыларға тапсырылып, міндетті түрде вскрытие жасалады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или