Маңғыстау облысында 13 жастағы қызын зорлаған ер адам өзін-өзі атып тастады
Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық зорлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда күдікті ретінде қаралған өгей әке тергеу басталмай жатып өзіне қол жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқыққа қайшы әрекет туралы хабар 2026 жылғы 24 қаңтарда «102» пультіне түскен. Тексеру барысында жәбірленушінің 13 жастағы қыз бала екені анықталған.
Алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, қылмысқа қыздың өгей әкесі қатысы бар. Алайда оны ұстау мүмкін болмаған. Белгілі болғандай, ер адам арыз түсерден төрт күн бұрын, яғни 2026 жылғы 20 қаңтарда суицид жасаған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Баланың құқықтары мен заңды мүдделері мемлекет қорғауында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...