Маңғыстауда әскерилер қаза тапты: үкіметтік комиссия құрылды

24.09.2026 15:21 Әсел МҰРАТ
Маңғыстауда әскерилер қаза тапты: үкіметтік комиссия құрылды
263
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Премьер-министр өкімімен Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар өткізу барысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды.

Комиссия құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, көлік министрліктерінің басшылығы, бас әскери прокурор, сондай-ақ шекара қызметінің өкілдері кірді.

Премьер-министр Олжас Бектенов комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеруді қамтамасыз ету және қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.
Комиссия құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ шекара қызметінің өкілдері кірді.

Олжас Бектенов комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеруді қамтамасыз ету және қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.

Еске сала кетейік, бүгін Каспий теңізінде 19 әскери қызметшіні толқын алып кеткен. Оның 9-ы қайтыс болды

Үш әскери құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. 

Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Войдите, чтобы оставить комментарий