Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
ЖАЛҒАСЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Politico.kz Ақордаға сілтемемен.
Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап, марқұмдардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды.
Айта кетейік, қайғылы жағдай бүгін, 24 қыркүйекте әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде болған. Кенеттен көтерілген дауыл мен қатты жел 19 әскери қызметшіні Каспий теңізіне алып кеткен.
Әзірге 9 адамның қаза тапқаны ресми расталды. Үш әскери қызметші құтқарылып, біреуі ауруханаға жатқызылған. Қалғандарын Әскери-теңіз күштері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары іздеп жатыр, іздеу жұмыстарына әуе техникасы да тартылған.
Оқиғаға байланысты Ақтау гарнизоны дереу қылмыстық іс қозғаған. Премьер-министрдің өкімімен оның орынбасары Қанат Бозымбаевтың басшылығымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...