Маңғыстауда мүгедек жігітті ұрып-соққан

Маңғыстауда мүгедек жігітті ұрып-соққан
08.10.2025 13:06
0
88

Маңғыстау облысында оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі жігіттің соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының полиция департаменті мүмкіндігі шектеулі жас жігітті ұрып-соғу дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 108-бабы («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Қазір оқиғаның мән-жайын және құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы құқық қорғау органдарының бақылауында», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында даму ерекшелігі бар жігіттің соққыға жығылғаны туралы хабар тараған. Оның туыстары бұл туралы әлеуметтік желіде жазып, прокуратураға көмек сұрап жүгінген.

Жәбірленушінің әпкесінің айтуынша, 2 қазан күні анасы кешкі ас апарғанда баласының беті ісіп, көгеріп жатқанын көрген. Айтуларынша, орталық қызметкерлері болған оқиғаны «тәрбиеленушілердің ойыны» деп түсіндірген. Сонымен бірге, туыстарына оқиға туралы хабар берілмеген және бейнебақылау жазбаларын көрсетуден бас тартылған.

Жәбірленушінің суреттері әлеуметтік желіде тараған соң, желі қолданушылары кінәлілерді анықтап, жазалауды және оқиғаны мұқият тексеруді талап етті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий