Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовпен некесі туралы алғаш рет ашық айтты

Халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова саясаткер Заманбек Нұрқаділовпен арадағы заңды некесі туралы сыр шертті. Өнер иесі 27 жыл бұрынғы неке куәлігін көрсетіп, маңызды мәліметті бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
«Зәкең үлкен той жасап, неке қиюға барамыз дегенде: «Зәке, жақсы көрсеңіз асықпаңыз, әңгімеміз жараспай қалса дардай басыңызбен ажырасып жүресіз бе?! Бір-екі жыл бір-бірімізді тексерейік» деп келіспедім. Содан жеті жыл заңсыз тұрдық. 1998 жылдың 1 қазанында неке қиылды», – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, эстрада жұлдызы өзінің тегін не себепті өзгертпегенін де түсіндірді.
«Әкем мені үлкен әнші боласың деп 3-сыныптан қалаға интернатқа оқуға әкелген. Сондықтан әкемнің тегін ауыстыру арман болған жоқ. Сосын Жүнісова болып, «Еңбек сіңірген әртіс» атағын алып қойғанмын», – деп жауап берді ол.
Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтің арақатынасы әрдайым ел назарында болған. Бұл жолғы шынайы естелік оқырманды ерекше әсерге бөледі.
Соңғы жаңалықтар





