«Мақсат пен Мақсат» тобының әншісі бастан өткен қиындықтарын баяндады
358
2000-жылдары хит әндердің орындаушысы болған «Мақсат пен Мақсат» тобының солисі, композитор Мақсат Ынтықбаев «Астарлы ақиқат» бағдарламасында қазіргі жағдайы туралы айтты.
«Сахнадан кеткеннен кейін 1,5 жылдай жүк тасушы болып жұмыс істедім. Соңғы істеген жұмысым да базарда жүк тасушы болды. Оған дейін күзетші де болдым. Құрылысшы да болып көрдім. «Есектің артын жусаң да мал тап» деген мақалды мықтап ұстанамын. Тойды күтіп жатсам, бала-шағама кім тамақ тауып береді? Одан үйде отырсаң, әйеліңмен ұрыссасың. «Еркек болып үйде жатырсың» деп ренжиді. Содан «екі қолға бір күрек табылады» деп, ерінбей, еңбек етіп жатырмыз. Екі күн бұрын ғана тағы жұмыстан өз еркіммен кетуге мәжбүр болдым. Тоңазытқыш тасып жүр едім. Екі-үш жігіт бірігіп, тапсырыс алып, соларды жеткіземіз. 250-300 келі тоңазытқышты көтеру оңай да емес. Одан кейін әкем ауырып жатыр. Ауылға баруға тура келді, – деді әнші.
15 жыл бұрын хит әнімен танымал болған топтың мүшесі бүгінде өнердегі достарымен араласып тұратынын да жасырмады.
«Мақсат пен Мақсат» тобы тарағалы 15 жыл өтті. Мақсатпен күн сайын хабарласып тұрамын деп айтпай-ақ қояйын, анда-санда хат-хабар алмасып тұрамыз. Біз ешқандай ренішсіз тарастық. Арамызда бірде-бір рет ұрыс-керіс болған емес. Ақшаға келіспей қалу да болған жоқ. Осыдан екі ай бұрын жолықтық. Мақсаттың әпкесінің тойында өнер көрсеттім», – дейді кезіндегі өнер иесі.
Соңғы жаңалықтар
01.08.2026
16:44
«Челси» Дастан Сәтпаевқа қатысты шешім қабылдады
01.08.2026
15:54
Мөлдір Әуелбековаға қатысты тағы бір шу шықты: ...
01.08.2026
15:14
«Мен құқық қорғау органында жұмыс істеймін»: Се...
01.08.2026
14:16
Мешітте мектеп оқушысын аяусыз ұрып соққан ақтө...
01.08.2026
13:00
Таиландтағы сұмдық: 17 жастағы Роман мен әпкесі...
01.08.2026
12:13
Тоқаев Қостанай халқына маңызды үндеу жасады